Колледж туралы

КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ

Құрылған күні:  1957 жыл, қыркүйек  

Негізгі мақсат: 

  • білім беру бағдарламаларын және оқытушылардың педагогикалық шеберлігін кеңінен таңдау мүмкіндігі арқылы жүзеге асырылатын, әр түрлі деңгейде дарынды балалардың жеке қабілеттіліктерін ашу;
  • әр түрлі бағдарламалық пакеті бар, өз қызметінде нұсқалық-бағдарламалық тәсілдерді пайдалану,әр түрлі жастық және әлеуметтік топтарға бағдар, оқытушылардың, оқушылардың және олардың ата-аналарының қызығушылығы және қажеттілігі;
  • музыкаға және басқа да өнер түріне, сонымен қоса жеке сапаға, зиялылыққа, шығармашылыққа ынтаға, эмоционалды қабілеттілікке ықпал ету құралдарын қалыптастыру, мәдениетті тануға ұмтылу;
  • эстетикалық мәнерді қалыптастыру және өнер шығармашылығы мәнерін бағалау критерилері;
  • музыкаға, әнге, көркем шығармаға белсенді құмар адамдарды тәрбиелеу.

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

dombraШығармашылық қабілеттерді дамыту барысында оқуға деген дұрыс көзқарас маңызды рөл атқарады. Талант әрдайым назар мен қолдауды қажет етеді. Музыкалық дарынды балалар мен жұмыс істегенде, мол тәжірибе жинақталады. Бұл оқу орны 1957 жылы қыркүйекте Петропавл қаласында ашылып,ұзақ уақыт бойы музыкалық училище деп аталды, 1995 жылы ол өнер колледжі болып қайта құрылды.

Ал 2006 жылы жас балаларға мамандырылған мектеп-интернаты біріккен соң, оның қазіргі атауы қойылды. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Өнер колледжі оқытушыларының жоғары деңгейдегі шеберлігімен танымал. Олардың көпшілігі жалпы білім беру үздіктері және жоғары біліктілік санаты бар ҚР-ның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткерлері.
2005 жылдан бастап мекеменің оқытушылар құрамын Кашенова Рауза Әбутәліпқызы басқарады. Ол еңбек сіңірген өнер қайраткері. Педагогика ғылымдарының кандидаты,білім беру ісінің үздігі. 1980 жылы ол Петропавл қаласының музыкалық училищесін бітіріп, 1987 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірді.

Рауза Әбутәліпқызы -көптеген фестивальдер мен конкурстардың жеңімпазы, 1998 жылдың наурызынан бастап, 2001 жылдың қаңтарына дейін ол Ридерке (Нидерланды) деген қаланың симфониялық оркестрімен бірге концерт беріп, Аблассердама деген қаланың губернаторынан Алғыс хат алады. 1998 жылы халықаралық «Бельканто» деген байқауда қазылар алқасының төрағасы болды. Кашенова Р.Ә. жоғары орындаушылық пен педагогикалық жұмыс тәжірибесі бар. Оның оқушылары халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегерлері. Сонымен қатар, Рауза Әбутәліпқызының көптеген ғылыми басылымдары және сын мақалалары бар.

Түлектердің арасында көптеген белгілі музыканттар мен әншілер. Драмалық әртістер мен суретшілер. Режиссерлар мен мұғалімдер бар. Петропавл қаласының үздік оқу орындарың бірінде, оқытушылар мен студенттер белсенді концерттер мен білім беру қызметін жүзеге асырады. Олар концерттер ұйымдастырады қаланың орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған лекциялар ұйымдастырады.

Жас таланттар үнемі жетім балаларға, қарттар үйіне, ауруханаларда жатқан адамдарға, мүгедектерге арналған іс – шараларға қатысады.
Өнер колледжі өзінің құқығы бойынша үлкен ұжымдарымен мақтана алады. Олар «Күдер» ансамблі, аралас хор, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі, үрмелі оркестр, скрипкашылар ансамблі.

Әлі көптеген қамтылмаған шыңдар, орындалмаған марапаттар бар, бірақ, бір нәрсе айдан анық-студенттер де, оқытушылар да жоғары орындаушылық шеберлікке жетуге тырысады, себебі, өнерге қызмет ету-ол ұлы игілік болып саналады.